Көктемнің алғашқы айында ауа райы қандай болады?

1 Наурыз 2023, 20:48
1538
Бөлісу:
Көктемнің алғашқы айында ауа райы қандай болады?
Фото: BAQ.KZ

ҚР аумағы бойынша 2023 жылдың наурыз айына арналған консультативтік ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Наурыз - көктемнің бірінші айы. Ұзақ уақыт болған аяз көптен күткен көктемгі жылумен ауысады, орташа айлық ауа температурасы Қазақстан Республикасының басым бөлігінде нормадан 1°С жоғары, еліміздің солтүстік-батысында норма шамасында күтіледі.

Наурыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан көп, Қазақстанның батысында, солтүстігінде және оңтүстік-батыста норма шамасында болжанады.

Наурыз айы тұрақсыз ауа райымен басталады. Баренц және Карск теңіздер аудандарынан циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар өтіп, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын және жылбысқы қар жауады. Солтүстік жартысында  бұрқасын болжанады. Оңтүстік жартысында жаңбыр, найзағай болуы мүмкін. ҚР облыстарының басым бөлігінде көктайғақ, желдің 18-25 м/с дейін күшеюі күтіледі, - делінген хабарламада.

Наурыз айының басында солтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 0,-5°С, күндіз -2+5°С, оңтүстікте түнде -3+10°С, күндіз +13+20°С-қа дейін жоғарылауы болжанады. Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында Батыс суық антициклонымен ауа температурасының түнде -5-12°С, күндіз 0,-8°С-қа дейін аздап төмендеуі күтіледі. Қазақстан республикасының қалған аумағында 03-04 наурызда ауа температурасының төмендеуі болжанады:

- солтүстік жартысында түнде -10-18°С, күндіз -3-10°С-қа дейін;

- оңтүстік жартысында түнде 0,-8°С, күндіз +5+13°С-қа дейін.

Бірінші онкүндіктің екінші жартысында республика аумағында қайтадан тұрақсыз ауа райы күтіледі. Бұл Батыс циклондарының ықпалымен және Оңтүстік Каспий циклонының шығуымен байланысты. Жауын-шашын, көбінесе жаңбыр жауып, күндізгі ауа температурасының айтарлықтай жоғарылауы байқалатын болады. Солтүстік жартысында күндіз -2+5°С дейін, оңтүстік жартысында +17+22°С дейін жоғарылауы болжанады. Ауа температурасының тағы бір төмендеуі Батыс антициклонымен байланысты онкүндіктің соңында болжанады.

Екінші онкүндіктің басында ҚР басым бөлігінде Иран аудандарынан жылы ауа массаларының ықпалымен жылы және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы күндіз солтүстік жартысында +3+10°С дейін, оңтүстік жартысында +18+25°С дейін жоғарылайды.

Наурыздағы ауа райы құбылмалы. Бұл осы айға тән, еру көбінесе аязды күндермен алмастырылуы мүмкін және қысқы боран әлі де ойнауы мүмкін, - делінген хабарламада.

Екінші онкүндіктің кейбір күнінде суық арктикалық ауа массалардың енуі салдарынан ауа температурасының төмендеуі мүмкін:

солтүстік өңірлерде түнде -15-23°С, күндіз -5-10°С-қа дейін;

еліміздің батысында, орталығында, шығысында түнде -13-18°С, күндіз 0,-5°С-қа дейін; 

 оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде -2-10°С, күндіз 0,+5°С-қа дейін.

Республикада нағыз көктемгі ауа райы айдың үшінші онкүндігінде күтіледі. Еліміздің оңтүстік жартысында ауа температурасы күндіз біртіндеп +15+25°С-қа дейін, солтүстік жартысында ауа температурасы +3+12°С-қа дейін жоғарылайды.

 

Өзгелердің жаңалығы