Таразда биылға жоспарланған 70 автобустың 24-і ел игілігіне берілді

14 Наурыз 2024, 05:48
2262
Бөлісу:
Таразда биылға жоспарланған 70 автобустың 24-і ел игілігіне берілді
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Тараз қаласында 24 автобус пайдалануға берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«СапарТранс-2012» және «Smart City Servise» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері тарапынан жеткізілген қоғамдық көліктердің 10-ы «Дамрус» ЖШС қызмет көрсеткен №40 бағыттағы ескірген автобустарды алмастырса, 12-сі бұрын тоқтап қалған №41 маршрутты қайта қалпына келтіреді. Ал қалған 2 бірлігі серіктестік қызмет көрсететін маршруттар үшін (8, 9, 56, 41 бағыттар) резерв ретінде қолданылады, - деп жазды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жеткізілген автобустардың ұзындығы 9 метр, жалпы сыйымдылығы 70 адамды құрайды.

Айта кетейік, 2023 жылы Таразға жалпы саны 73 бірлік жаңа автобус жеткізілсе, биыл 70 қоғамдық көлік ел игілігіне беріледі деп көзделуде. Бұдан бөлек, 5 маршрут ашу, 75 аялдама орнату жұмыстары да жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы