Жыл басындағы тасқынның салдарынан өңірдегі 4 мыңнан астам баспана су астында қалып, оның 1000-ы тұруға мүлдем жарамсыз болып қалған еді. BAQ.KZ тілшісі қираған үйлердің иелерімен кездесіп, қазіргі жағдайларымен танысты.
Көктемгі топан су Ақтөбе қаласы мен 6 ауданды басып қалған болатын. Тасқыннан кейін аймақта жедел түрде қалпына келтіру жұмыстары қолға алынып, зардап шеккендерге көмек көрсетіле бастады. Қазір өңірдегі бұл жұмыстар аяқталуға жақындап қалды. Аймақ басшысы Асхат Шахаровтың айтуынша, жағдай толық бақылауда. Алайда, суға кеткен малының құнын даулап жүргендер бар көрінеді. Әкім оларға өз жауабын берді.