Көктайғақ, жел, боран. Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

23 Желтоқсан 2021, 08:45
1345
Бөлісу:
Көктайғақ, жел, боран. Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

ҚР басым бөлігінде бұрынғысынша солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронттар әсерін тигізетін болады. Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта жаяу бұрқасын соғады.   Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын, көктайғақ, желдің күші түнде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.   Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.   Қызылорда облысының солтүстігі және орталығында, Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ, тұман түседі. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында, күндіз Қызылорда облысының орталығында жел 15-23 м/с жылдамдықпен соғады.   Ақмола облысының батысында және оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіліп, түнде шығысында, күндіз оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.   Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.   Түнде және таңертең Алматы облысының шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі, Алакөл ауданында жел 17-22 м/с жылдамдықпен соғады.   Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы