Ертең, 14 қаңтарда еліміздің 13 облысында және Астанада қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар өңірлерде қарлы боран, тұман, көктайғақ және екпінді жел күтіледі. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 15–25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында және Түркістан облысының таулы аймақтарында боран мен тұман болжанады. Кей өңірлерде ауа температурасы күрт төмендеп, қатты аяз күтіледі.
Астанада түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.
Мамандар тұрғындарды жолға шыққанда сақ болуға, ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.