Көктайғақ, тұман: Барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды

Кеше, 23:15
142
Бөлісу:
Көктайғақ, тұман: Барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ - архив

14 ақпанда еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман.

Шымкентте түнде тұман түседі.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Алматы облысынның оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады.

Алматыда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман.

Ұлытау облысының шығысында қар, облыстың орталығында аздаған қар, жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда тұман, көктайғақ.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында кей уақыттарда екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қар, облыстың батысында аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Қостанай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман.

Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 17-22 м/с-ке жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын. Жел оңтүстіктен соғады, түнде облыстың солтүстігінде - 15-20 м/с.

Өзгелердің жаңалығы