Көктайғақ, боран, тұман: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Бірқатар өңірде жауын-шашын, көктайғақ, төменгі боран және қатты жел болжанып отыр.

 BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Кеше 2026, 02:34
Кеше 2026, 02:34
144
Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

«Қазгидромет» РМК синоптиктері бүгін, 14 наурызда еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, Астана қаласында көктайғақ пен тұман күтіледі.

Бірқатар өңірде жауын-шашын, көктайғақ, төменгі боран және қатты жел болжанып отыр. Атап айтқанда:

Абай облысы – жаңбыр мен қар, көктайғақ, төменгі боран, тұман, желдің екпіні 15–20 м/с;

Ақмола облысы – қар, жауын-шашын, көктайғақ, боран және тұман;

Атырау облысы – шаңды дауыл, желдің екпіні 15–20 м/с;

Алматы облысы – тұман, желдің күшеюі;

Шығыс Қазақстан облысы – жаңбыр, қар, көктайғақ және боран;

Жетісу облысы – таулы аудандарда тұман, Алакөл маңында жел 17–22 м/с;

Батыс Қазақстан облысы – тұман, желдің күшеюі;

Қарағанды облысы – тұман;

Қостанай облысы – тұман;

Қызылорда облысы – желдің екпіні 15–20 м/с;

Маңғыстау облысы – тұман, желдің күшеюі;

Павлодар облысы – қар, боран, көктайғақ, жел 15–20 м/с;

Солтүстік Қазақстан облысы – жауын-шашын, боран, көктайғақ;

Түркістан облысы – тұман, таулы аймақтарда жел 15–20 м/с;

Ұлытау облысы – тұман.

Синоптиктер тұрғындарды жолда және ашық ауада сақ болуға шақырады.

Наверх