Көксу қант зауыты жеке рекордын жаңартпақ

26 Сәуір 2023, 13:02
1433
Бөлісу:
Көксу қант зауыты жеке рекордын жаңартпақ
Фото: Сурет әкімнің баспасөз қызметінен

Биыл Көксу қант зауыты 200 мың тоннадан астам қант қызылшасын қабылдауды көздеп отыр. 1 тонна тәтті түбірді 40 мың теңгеге бағаланып отыр, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Мұны бізге Көксу ауданының әкімі Марлен Көлбаев баяндады. Көксулық кәсіпорын шаруаларға қосымша тасымалдау жол ақысын да қарастырып отыр. Қазір, ауданда дәнді жүгері, майлы дақылдар және картопты себу жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күнге дәнді дақылдар 5805 гектарға себілген. Бұл белгіленген жоспардың 62,2 пайызын құрайды. Сонымен қатар, 1700 га қант қызылшасының 1380 га себіліпті. Егін егу науқаны жүріп жатыр.

Жалпы, аталған кәсіпорын ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айында 4,4 миллиард теңгеге 12,3 мың тонна қамыс қантын өндірген. Сондай-ақ майбұршақ өндейтін Уызмайиндастри зауыты 4,6 миллиард теңгеге 13,2 мың тонна өнім шығарса, «Строитель» ЖШС-гі 186 миллион теңгеге 8,5 мың тонна құрылыс материалдарын әзірлеген екен.

Жыл басынан бері 3,5 миллиард теңгеге ауыл шаруашылық және 10 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндіріліді. Бөлшек сауда айналымының көлемі 850 миллион теңгені, негізгі қорға тартылған инвестиция көлемі 580 млн. теңгені, құрылыс жұмыстарының көлемі 388 млн. теңгені құрады. 1,3 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. Барлық негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша былтырғы жылмен салыстырғанда өсім байқалады, деді Марлен Қапашұлы.

Көксу қант зауыты жеке рекордын жаңартпақ

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың І-тоқсанында мемлекеттік бюджетке 1 миллиард. 85 миллион. теңге салықт және басқа да міндетті төлемдер түскен. Яки, жоспар 128 пайызға орындалған. Әрі былтырғы жылмен салыстырғанда өсім 77 пайызды құрайды.

Толығырақ айтсақ, республикалық бюджетке жоспардағы 262,9 миллион теңгенің орнына 356,4 миллион теңге түсім түссе, жергілікті қазынаға болжамдағы 584,9 миллион теңгенің орнына 728,9 миллион теңге салық салынған.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлерді дамыту Ұлттық жобасы аясында 650 жұмыссыз жұмысқа орналастырылған. Оның 158-і тұрақты болса, қалғаны уақытша. Аталған бағдарлама шеңберінде 1070 адам қамтылған. Қазір, электронды еңбек биржасы арқылы 130 адам, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бағдарламаға 181 оқуға жіберілген. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға араналған мемлекеттік грантты 15 адамға берілген. Сонымен 2022 жылдың қорытындысы бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,4 пайызды құрап отыр.

Көксу қант зауыты жеке рекордын жаңартпақ

Шағын және орта кәсіпкерлікте 6166 адам жұмыс істейді. Бұл экономикалық белсенді халық санынан 29,6 пайызын құрайды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша өндірілген өнім және көрсетілген қызмет көлемі 40 миллиард 816 миллионтеңгегені құрады. 2021 жылы бұл көрсеткіш 30, 328 миллион теңге шамасында болған. Осы орайда бюджетке 626 миллион теңге салықтық түсімдері түсті, деді аудан басшысы Марлен Көлбаев.

Айта кетейік, Көксу ауданында ауылды газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу бойынша елді мекендердің жолдарына орташа жөндеу бойынша 9 жоба жүзеге асырылған.

Өзгелердің жаңалығы