Көкшетаулықты сабаған күдікті ұсталды

12 Қаңтар 2022, 09:01
1196
Бөлісу:
Көкшетаулықты сабаған күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс орталығының тұрғынына дене жарақатын салған күдіктілерді анықтады.

Көкшетау қаласының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын хабарласып, 6 қаңтарда сағат 23.00 шамасында сауда үйлерінің бірінің жанында белгісіз адамдар оған еш себепсіз дене жарақатын салғаны туралы хабарлады. Ер адам ауруханаға жүгінді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды - делінген ІІМ таратқан ақпаратта.

Жедел-іздестіру шаралары барысында көкшетаулық жедел уәкілдер бұзақылық әрекеттер жасаған күдіктілердің бірін анықтады. Ол Көкшетау қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Оқиға болған екінші адамның орналасқан жері анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы