Көкшетаулықтың сыртынан миллион теңге несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

23 Қараша 2021, 10:16
1186
Бөлісу:
Көкшетаулықтың сыртынан миллион теңге несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетаулықтың сыртынан миллион теңге несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

20 қарашада Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне 43 жастағы жергілікті тұрғынның өтініші келіп түсті, оның атынан белгісіз біреу “Kaspi Bank” қосымшасы арқылы 1 млн 20 мың теңге көлемінде ақша қаражаты алынғанын хабарлады. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жәбірленушінің 27 жастағы туысы анықталды, ол банктің мобильді қосымшасын пайдаланып, алаяқтық жолмен аталған соманы иемденген. Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Сондай-ақ, 17 қарашада Зеренді АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын көмек сұрап жүгінді, белгісіз адам алдау жолымен оған 2 млн 970 мың теңге мөлшерінде несие ресімдегенін хабарлады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қаскүнемдерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.



Өзгелердің жаңалығы