Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жас жігіт парақшаға өзінің жеке интимді суреттерін орналастырған. Ол осылайша қыздардың назарын аудартпақ болған, деп хабарлады aikyn.kz.
Ақмолалық полицейлер Anti-fraud жедел-профилактикалық шарасы шеңберінде әлеуметтік желілерден порнографиялық сипаттағы суреттердің таралу фактілерін анықтаған. Аталған республикалық шара облыс аумағында 9-11 ақпан аралығында өткізілген.
Интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу барысында лақап атпен Көкшетау қаласы аумағында порнографиялық сипаттағы суреттерді тарату және жарнамалаумен айналысқан белсенді парақша анықталды. Жедел іздестіру шарасы барысында тәртіп сақшылары 24 жастағы Көкшетау қаласы тұрғынын ұстады. Ол өз кінәсін толық мойындады, – дейді Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.
Қазір аталған фактіге сәйкес қылмыстық кодекстің 311 «Порнографиялық материалдарды заңсыз тарату» бабы бойынша сотқа дейінгі қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз: