Көкшетаудағы ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында офицер өлі күйінде табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Nayza Kokshe-ге сілтеме жасап.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 22 жастағы оқытушы, академияның түлегі, өз-өзіне қол жұмсаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Денесі 2 сәуір күні оқу орнының бір кабинетінен табылды.
Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабымен қылмыстық іс тіркеді. Тергеу амалдары жалғасуда.