Көкшетауда жер үйде пеш жарылып, жасөспірім жансақтау бөліміне түсті

17 Ақпан 2024, 05:10
649
Бөлісу:
Көкшетауда жер үйде пеш жарылып, жасөспірім жансақтау бөліміне түсті
Фото: Артём Чурсинов -архив

Көкшетауда жылыту пеші жарылып, денесін күйік шалған жасөспірім жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысы ТЖД таратқан мәліметке сүйенсек, жазатайым оқиға 16 ақпанда сағат 23:20-да Жайлау шағын ауданында болған.

Циркуляциялық сорғыдан шыққан ақау салдарынан қатты отынмен жанатын жылыту пешіндегі қазандық жарылған, алайда ол әрі қарай өртенбеген, конструкциясы бұзылмаған. Салдарынан 2010 жылы туған ұл бала денесінің 50%-ын: бетін, қол-аяғын күйік шалып, Көкшетаудағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта жасөспірімнің жансақтау бөлімінде жатқаны белгілі болды. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалады.

Өзгелердің жаңалығы