Көкшетауда үшем дүниеге келді

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетауда үшем дүниеге келді, деп хабарлады ҚазАқпарат.&nbsp;</h4>

 3 Мамыр 2021 2021, 14:55
3 Мамыр 2021 2021, 14:55
1964

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетауда үшем дүниеге келді, деп хабарлады ҚазАқпарат. 

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Зәуреш есімді келіншек 2 мамырда Көкшетаудағы перинаталдық орталығында үшемді дүниеге әкелген.

Нәрестелердің үшеуі де ұл балалар. Қазіргі кезде, ана мен нәрестелердің жағдайы тұрақты, өздерін жақсы сезінеді, - деді ведомстводан. 

Айта кетсек, әйел мерзімінен бұрын, 32 апталығында толғағы келгендіктен, дәрігерлер оны кесарево тілігі бойынша босандырып алған. Бұл соңғы 10 жылда Көкшетауда дүниеге келіп отырған үшем. Бұл отбасының бұдан бөлек екі қызы бар.



Наверх