Көкшетауда «Ұлттық киіммен жұмысқа» атты челлендж басталды

12 Наурыз 2021, 03:25
2571
Бөлісу:
Көкшетауда «Ұлттық киіммен жұмысқа» атты челлендж басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ұлттық киіммен жұмысқа» атты бастаманы Ақмола облыстық Мәдениет басқармасы қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Мамандар аймақтағы барлық мемлекеттік мекеме қызметкерін Наурызда кем дегенде бір күн кеңсеге қазақы нақыштағы киіммен келуге үндейді. Мәдениетке жауаптылар бір ай бойы ұлттық киіммен жүрмек. Олар эстафетаны Ішкі саясат басқармасы мен жергілікті «Көкше» телеарнасының ұжымына жолдады. Наурыз мерекесіне арналған іс-шара айдың соңына дейін жалғасады.

Біз өте қуана-қуана келістік. Бүгін міне, бірінші күні камзол киіп келдім. Бұл әжемнің камзолы. Наурыз күндері тағы бірнеше ұлттық киімді ауыстыратын боламыз. Түстері сондай ашық. Жарқыраған. Әрбір адамның ерекшелігін ашатын сияқты, менің ойымша, – дейді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Дина Бейсембаева.  

Өзгелердің жаңалығы