Көкшетауда су тазарту қондырғылары салынады

2 Ақпан 2022, 15:07
2392
Бөлісу:
Көкшетауда су тазарту қондырғылары салынады

Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетаудағы құбыр суының сапасы талай жылдан бері қызу пікірталас түйініне айналды. 

Шаһардағы ауызсу мәселесін шешу мақсатында биыл тазарту қондырғыларын салу жоспарланып отыр.

«Көкшетау Су Арнасы» кәсіпорнының директоры Ермек Өмірғалиевтың айтуынша, кәсіпорын су желілерін тартуды жалғастыруды, тазарту сүзгілеріндегі құмды ауыстыруды жоспарлап отыр. Бұл қаладағы судың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді деп күтілуде. 

«Көкшетау Су Арнасы» кәсіпорны 1962 жылдан бері жұмыс істейді. Қалаға ауыз су Шағалалы, Сергеев су қоймаларынан келеді. 

Бүгінгі күні кәсіпорында 350 км су құбыры желісі және 280 км кәріз желісі, су тазарту қондырғылары, 7 сорғы станциясы, 24 кәріз сорғы станциясы және қуаты 32 мың текше метр биологиялық тазарту станциясы бар.

Өткен жылы су құбыры желілерін ауыстыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Шамамен 6 км, сондай-ақ бір шақырымға жуық кәріз желілері ауыстырылды. Бюджет есебінен арнайы техника – кәріз желілерін жуу машинасы, көлденең бұрғылау қондырғысы сатып алынды, – дейді Ермек Өмірғалиев.

Оның айтуынша, бүгінде халықтың 96%-ы орталықтандырылған сумен қамтылған. Өткен жылы кәсіпорын үнемделген қаржыға көлік сатып алды. 

Краснояр ауылы және Шанхай шағын ауданына су тарату колонкаларын демонтаждауды жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Олардың шамамен 70-і бар, 30-ы алынып тасталды. Дебиторлық берешек те көбейіп отыр. Көше колонкаларындағы су тегін, адамдар оған ақша төлемейді, мал суарады, көлік, кілем жууға пайдаланады. Бұл бейнекамераға түсірілген нақты фактілер. Халықты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету үшін біз бірқатар көшелерге су желілерін тартуды жоспарлы түрде жүргізетін боламыз. Жаңа техникамызды пайдалана отырып, магистралдық құбырлар тартып, жаңа абоненттерді қосамыз. Мысалы, өткен жылы «Жайлау» шағын ауданына ұңғыма бұрғылап, Вавилов, Ибрагимов және Лесная көшелерін ауыз сумен қамтамасыз еттік. Биыл қосымша 7 ұңғыманы бұрғылауды жоспарлап отырмыз,-деп түсіндірді кәсіпорын басшысы.

Тұрғындарды толғандыратын маңызды мәселе – ауыз судың сапасы болып отыр. Қазір қуаты 30 мың текше метр жаңа тазарту қондырғысын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарымен «CaspianContractorsTrust» фирмасы айналысады. Жұмыстарды аяқтау 2025 жылға жоспарланып отыр.

Күн сайын су тазарту жұмыстары жүргізіледі. Биыл тазарту құрылыстарының сүзгілеріндегі құмды ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, коагулятор цехын қалпына келтіру жоспарлануда. Ол судың сапасын жақсартуға көмектеседі. Бұл қала талай жылдан бері көкшетаулықтарды толғандырып отырған мәселе. Қала тұрғындарына су сапасына қатысты шағымдар көп түседі. Бүгінгі таңда кәсіпорын бұрын теңгерімге берілген желілерді жөндеумен және қызмет көрсетумен айналысады. Күрделі мәселелер қала әкімшілігіндегі кездесулерде талқыланады. Жоспарлы түрде жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, бұл орталықтандырылған сумен қамтылмаған көшелерге қатысты болып отыр, - деп нақтылады кәсіпорын басшысы.

Оның мәліметінше, судың сапасы химиялық және биологиялық көрсеткіштерге сәйкес келеді. Алайда, ескірген кварталішілік магистральдық желілердің салынғанына 30-40 жылдан асқан.

Станциялардағы су ГОСТ талабына сай келеді. Әрине, тарату желілерімен абонентке жеткенше проблемалар бар. Әсіресе қыс кезінде уақытша үзілістер, су құбырларының істен шығатыны рас. Сонымен қатар, уақытша тоқтату кезінде су лайланып, істен шығатын сүзгілерді жиі тазартып отыру қажет. Кейде жаңа ғимараттардың жоғары қабаттарында қысым жеткіліксіз болады. Сол себепті жобалаушылар қысымды арттыратын сорғылардың әрбір жобада қарастырылуын жоспарлап отыр, – деп нақтылады Ермек Өмірғалиев.

Өзгелердің жаңалығы