Көкшетауда құтқарушылар егде жастағы әйелге жедел көмек көрсетті

Көкшетау қаласында ТЖМ құтқарушылары жалғыз қалған егде жастағы тұрғынға көмек көрсетті.

 pixabay 8 Шілде 2025 2025, 08:54
8 Шілде 2025 2025, 08:54
836
Фото: pixabay

Көкшетау қаласында ТЖМ құтқарушылары жалғыз қалған егде жастағы тұрғынға көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ мәліметінше, 1938 жылы туған әйел пәтерінде құлап, орнынан тұра алмай қалған. Ол дереу шұғыл қызметке қоңырау шалып, көмек сұраған.

Оқиға орнына келген құтқарушылар екінші қабаттағы пәтерге терезе арқылы кіріп, медициналық көмекке мұқтаж әйелді тауып алды. Кейін оны жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды қарт адамдарға үнемі көңіл бөліп, оларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Наверх