Ақмола облысының орталығында өрттен 14 адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Ақмола облысының бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында 15 шаршы метр алаңда үй заттарының өртенуі орын алды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт шақырту түскен сәттен бастап 36 минут ішінде жойылды, - делінген ведомство хабарламасында.
Белгілі болғандай, жоғарғы қабаттардан 10 бала мен 4 ересек адам баспалдақ маршымен эвакуацияланды. Қауіпсіз жерге 1 газ баллоны шығарылды.
ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.