Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Көкшетауда өрт сөндірушілер жатақханадағы өрттен 14 адамды эвакуациялады

2 Желтоқсан 2024, 06:51
595
Бөлісу:
 скрин
Фото: скрин

Бүгін түнде Көкшетауда Ж.Жабаев көшесінде орналасқан 5 қабатты жатақхананың 4-қабатында өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шақырту орнына келген өрт сөндірушілер баспалдақ маршымен 14 адамды, олардың ішінде 5 баланы эвакуациялады.

Өрт жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі – сөндірілмеген темекі, - деп жазылған хабарламада.

ТЖМ азаматтардан тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы