12 наурызда Көкшетау қаласында орналасқан Ақмола облыстық сотының ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, өрт сағат 19:55-те болған.
Бүгін сағат 19.55-те Көкшетауда Н. Назарбаев даңғылында орналасқан әкімшілік ғимараттың 40 шаршы метр алаңында өрт болды. Ақмола облысы ТЖД-ның 30 құтқарушысы мен 8 бірлік техникасы дереу шақырту орнына аттанды, - делінген ведомство хабарламасында.
Өрт сағат 20:12-де оқшауланып, 20:30-да жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.