Көкшетауда құтқарушыларға арналған мурал пайда болды

19 Қазан 2021, 18:55
3280
Бөлісу:
Көкшетауда құтқарушыларға арналған мурал пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құтқарушылар күні қарсаңында Көкшетау қаласында қазақстандық құтқарушыларға арналған жаңа қабырға суреті пайда болды.

Оқ-дәрі қоймасындағы өрт пен жарылысты жою кезінде қаза тапқан Түркістан облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары полковник Мейіржан Айманов бейнеленген мурал Абылай хан даңғылындағы 9 қабатты үйдің қасбетіне салынған.

Көкшетауда құтқарушыларға арналған мурал пайда болды

Батыр құтқарушының портретін Төтенше жағдайлар департаменті мен облыс орталығы әкімдігінің бастамасымен жергілікті  «Design city» компаниясының командасы жасаған. Суретшілер муралды 5 күнде салып бітірген.

Ақмола облысы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаевтың айтуынша, арт-нысан батырды еске алу үшін және арнайы кәсіби мереке – Құтқарушылар күніне орай салынған.

Құтқарушылардың жұмысы өте қауіпті. Олар үнемі басқалардың өмірін сақтап қалу үшін өз бастарын қатерге тігеді, олар қиындықтың не екенін білмейді. Бізде барлық мүмкін және мүмкін емес күш-жұмсай отырып, басқаларды құтқару міндеті бар. Бүгінде облыста 1377 өрт сөндіруші-құтқарушы қызмет етеді. Қала әкімдігіне көрсеткен қолдауы үшін алғысымды білдіремін, – деп атап өтті ол.

Көкшетауда құтқарушыларға арналған мурал пайда болды

Тұрғындардың айтуынша, стрит-арт суреті тағы бір мақтанышқа айналады.

Өрт сөндірушінің бұл портреті халықтың назарын отпен абайлап жұмыс істеуге аударады және өрт сөндіруші мамандығына деген құрметті одан әрі арттырады деп үміттенеміз, – деді Көкшетау тұрғыны Азамат Балтабаев.

Айта кетейік, 22 тұрғын үй алабы облыс орталығының стрит-арт композицияларымен безендірілген.



Өзгелердің жаңалығы