Көкшетауда «ерекше» балаларға арналған тегін үйірмелер жұмыс істейді

6 Қыркүйек 2022, 14:45
1809
Бөлісу:
Көкшетауда «ерекше» балаларға арналған тегін үйірмелер жұмыс істейді

Көкшетауда даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Shabyt» білім және шығармашылық орталығы жұмыс істеуде. Мұнда ерекше балалар тегін үйірмелерге қатысады, деп хабарлайды Көкшетаудағы BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі уақытта мұнда төрт үйірме жұмыс істейді. Онда балалар бейіміне қарай шығармашылық, сурет, қолөнермен айналысады.  

Айрықша күтімге мұқтаж ерекше балаларға қолайлы орта қалыстастыру. Олар өздерін еркін сезінулері керек. Балалардың үйірмеден үйренері көп. Олардың өздеріне деген сенімділігі артып, өмірге деген көзқарастары өзгереді. Эстетикалық, еңбек тәрбиесіне бейімделіп, сүйікті істерімен айналысуға мүмкіндік мол. Үйренем деген балаға бағыт-бағдар беріледі. Ең бастысы, барлығы қолжетімді, - дейді «Shabyt» білім және шығармашылық орталығының жетекшісі Гүлбану Магавина.

Орталыққа 230-ға жуық бала жазылған. Олардың көпшілігі мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша тегін барады. Орталықтың аумағы 115 шаршы метрді құрайды, хореографиялық сабақтарға арналған зал және екі кабинет бар.

Біз осы жылдың наурыз айынан жұмыс істей бастадық. Ашылғаннан кейін олар мемлекеттік тапсырыс алу үшін конкурсқа құжаттар тапсырдық. Бақытымызға орай, конкурстан өтіп, балаларымыз тегін оқуға мүмкіндік алды. Бізде бірнеше бағыт бар: хореография, вокалдық ансамбль, кескіндеме, графика. Сондай-ақ домбыра және гитара сияқты аспаптық үйірмелер жұмыс істейді. Орталықта даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытамыз. Олар төрт бағыт бойынша қосымша дағдыларды меңгереді: эстрадалық вокал, кескіндеме, шығармашылық шеберхана және домбыра, – деп атап өтті орталық жетекшісі.

Әзірге орталыққа ерекше білім беру қажеттіліктері бар 31 бала келеді. Балалар мұнда сүйікті істерімен қуана айналысады. Кескіндеме сабақтарында ниткография, тұзбен сурет салу, жеміспен теру сияқты түрлі әдістер қолданылады. Вокал үйірмесіне аптасына үш рет жұмыс істейді. Тұрақты нәтижеге қол жеткізу үшін сабақтарда жүйелілік маңызды.

Бала 3 жастан 18 жасқа дейін үйірмелерге бара алады. Әр үйірменің бағыты бойынша біз арнайы оқу бағдарламасына сүйенеміз. Мысалы, 6 жастан бастап балалар аспаптық үйірмелерге, 3 жастан бастап би, сурет және вокалды үйірмелерге жазылады. Біз баланың жасы мен бағытқа қараймыз. Жалпы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін сабақ 35 минутқа созылады. Барлық басқа балалар үшін бізде бағдарлама бойынша аптасына 160 минут, яғни кейбір үйірмелерде 80 минуттан екі рет, кейбір үйірмелерде үш рет, мысалы, сағатына екі рет, үшінші сабақ – 40 минут. Қазір біз бала қатысуға тиісті сағаттардың нақты санын пысықтап жатырмыз, - деп толықтырды Г үлбану Магавина.

Ата-аналар сабақтардың балаларға жағымды әсерін атап өтті. Ең алдымен, бұл жанды байланыс.

Балалар бір-бірімен пікір алмасады. Біріншіден, бұл жанды байланыс. Екіншіден, бізде тұтығатын және мүлдем сөйлемейтін балалар бар. Біле білсеңіздер, бірнеше сабақ өткізсеңіз де, бала тіпті  үш апта үнсіз отыруы мүмкін. Бірақ төртінші аптада ол міндетті түрде ән айтып, дыбыстар шығара бастайды. Музыкалық әсердің арқасында баланың дыбыстық қасиеттері дамиды. Сондықтан мен бұл жұмысты өте жоғары бағалаймын, әрі балалармен жан-жақты жұмыс жүргізуге тырысамыз. Ата-аналар да риза. Ешқандай көзбояушылық жоқ, балалар да сабақтарға тұрақты қатысып отырады, - деп түсіндірді орталық жетекшісі.

Айта кетейік, өңірде ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін қолайлы білім беру ортасы құрылуда. Ақмола облысында ерекше қажеттілігі бар 11 395 бала тіркелген. Олардың 1643-і мүгедек. Өңірде 28 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді.

Биыл алты инклюзияны қолдау кабинетін ашу жоспарланып отыр. Биыл осындай кабинет Жақсы ауданының Жаңа Қима ауылындағы орта мектеп базасында іске қосылды. Жаңа оқу жылында осындай кабинеттер Біржан сал және Жарқайың аудандарындағы балаларға көмек көрсетуде.

Алдағы жылы  огблыста 304,5 млн теңгеге 29 инклюзияны қолдау кабинетін ашу жоспарлануда. 

Өзгелердің жаңалығы