Көкшетауда бірыңғай байланыс орталығы күшейтілген режимде жұмыс істеуде

12 Қаңтар 2022, 17:02
1456
Бөлісу:
Көкшетауда бірыңғай байланыс орталығы күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Төтенше жағдай кезінде Көкшетаудағы 1414 бірыңғай байланыс орталығы Қазақстанның барлық өңірлерінен өтінімдер қабылдауда. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде еліміз бойынша хабар-ошарсыз кеткен адамдарға қатысты қоңыраулар түсуде.

Жалпы, орталық мемлекеттік қызмет алу мәселелері бойынша кеңес береді. Алайда, төтенше жағдай кезінде ол өз қызметін өзгертті. 

Бірінші қабатта виртуалды көмекшілер жұмыс істейді. Тұрғындар үйде онлайн-режимде компьютер арқылы мобильді азаматтар базасына жүгініп, тіркеледі, сол арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны ала алады. Сондай-ақ, мұнда біз онлайн режимінде ұсынатын 20-дан астам мемлекеттік қызметтер бар. Елімізде осындай бес байланыс орталығы жұмыс істейді. Қоңырау шалушылардың барлығына, яғни Қазақстанның барлық өңірлеріне қызмет көрсетеміз, – деді байланыс орталығының директоры Айгүл Төлепова. 

Оның айтуынша, тәртіп сақшыларының арқасында тұрақтылық пен тәртіпті сақтауға мүмкіндік болғанына қарамастан, елдегі жағдай әлі де күрделі. 

 Төтенше жағдай кезінде тек лауазымды тұлғалар мен күштік құрылымдардың ғана емес, әрбір қатардағы азаматтың жауапкершілігі артты. Бізде полиция департаментімен және денсаулық сақтау жүйесімен байланыс бар. Біз әрбір азаматқа із-түзсіз жоғалғандарды табуға барынша көмектесеміз. Қазіргі уақытта бірыңғай байланыс орталығы мемлекеттік қызметтер бойынша да кеңес бере бастады. Жұмыс оңай емес. Күні бойы үздіксіз жұмыс, мәселелерді шешуге көмектесу үшін шыдамдылық, психологиялық дайындық қажет. ПД штабында жұмыс істейтін қызметкер де бөлінді. Демалыс күндері біз тек хабар-ошарсыз кеткен азаматтарға қызмет көрсеттік. Төтенше жағдайды ескере отырып, тамақ өнімдері, қолма-қол ақша бойынша сұрақтар көп түсті. Қазір мұндай мәселелер азайып келеді, азаматтар негізінен мемлекеттік қызметтер бойынша жүгінуде, – деп толықтырды Айгүл Төлепова. 

2021 жылы байланыс орталығы 500 мыңнан астам өтініш қабылдады. Бүгінгі таңда 50 оператор күніне 120 қоңырау қабылдайды. Қазір қызметкерлердің алғашқы тобы мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес берсе, соңғылары төтенше жағдай бойынша қызмет көрсетеді. Олар таңғы 9-дан кешкі 9-ға дейін жұмыс істейді. Ақмола облысы бойынша 50 оператор, қосымша ХҚКО-ның 21 қызметкері тартылды. 

Осы уақыт ішінде Көкшетауда ТЖ режимін бұзудың 140 жағдайы анықталды. 

 

Өзгелердің жаңалығы