Көкшетауда балабақшадан 49 адам шұғыл сыртқа шығарылды

Бүгін 112 қызметіне Көкшетау қаласындағы жеке балабақшада түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 видеодан скрин 1 Желтоқсан 2025 2025, 18:49
1 Желтоқсан 2025 2025, 18:49
552
Фото: видеодан скрин

Бүгін 112 қызметіне Көкшетау қаласындағы жеке балабақшада түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖД қызметкерлері келген кезде жертөледегі электр жабдығының қысқа тұйықталуынан жанусыз түтіндеу болғаны анықталды.

Қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар 49 адамды, оның ішінде 39 баланы эвакуациялады.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда.

Төтенше жағдай болған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз! - деп ескертті ТЖМ баспасөз қызметі.

Наверх