Ақмола облысының Полиция департаменті Көкшетауда автобус жүргізушісі мен жолаушы арасында болған жанжалға қатысты жаңа мәліметтерді жариялады. Бұған дейін қоғамдық көліктегі төбелеске байланысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді.
Полицияның мәліметінше, тексеру барысында жолаушының автобус жүргізушісінің бет тұсынан ұрғаны анықталған. Алайда зардап шеккен жүргізуші бұл оқиға бойынша шара қолданбау туралы жазбаша өтініш берген.
Жүргізушіге соққы жасаған жанжалға қатысушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Көкшетауда автобус жолаушылары мен жүргізушісі арасындағы жанжал видеоға түсіп қалғаны хабарланған болатын.