Көкшетауда ақауы бар паромнан 25 адам құтқарылды

Эвакуацияланған азаматтарға медициналық көмек қажет болмаған.

 ТЖМ баспасөз қызметі Кеше 2026, 23:21
Кеше 2026, 23:21
316
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Көкшетау қаласында құтқарушылар ақауы бар паромнан 25 адамды, соның ішінде балаларды эвакуациялады.

Ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram арнасындағы ақпаратқа сәйкес, Көкшетау қаласы Қопа көлінің акваториясын патрульдеу кезінде құтқарушылар жағалаудан 700 метр қашықтықта жолаушылары бар паромды байқаған. Белгілі болғандай, паромның ақауы бар болып шыққан.

ТЖМ қызметкерлері дереу құтқару жұмыстарына кірісті. Құтқарушылар 25 адамды, оның ішінде 10 баланы жағаға жедел эвакуациялап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Эвакуацияланған азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

 

Наверх