Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Көкшетауда әкесі мен баласы лифт ішінде қалып қойған

17 Маусым 2025, 01:28
890
Бөлісу:
 ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Көкшетау қаласында электр қуатының апаттық ажыратылуы салдарынан тұрғын үйдегі лифт ішінде әкесі мен баласы қалып қойған. Оқиға туралы хабарлама 112 бірыңғай қызметіне келіп түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шақырту орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары гидравликалық құралдардың көмегімен лифт есігін ашып, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарды. Медициналық көмекті қажет етпеген азаматтар құтқарушыларға алғысын білдірді.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға лифт ішінде қалып қойған жағдайда мынадай қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді:

  • Сабыр сақтап, үрейге бой алдырмаңыз;
  • Жанындағы адамдарды тыныштандыруға тырысыңыз;
  • Диспетчерге дереу хабарласыңыз;
  • Барлық түймелерді қатарынан баспаңыз;
  • Лифт есігін өзіңіз ашуға әрекет жасамаңыз;
  • Ұялы телефон, дабыл түймесі сынды барлық сыртқы байланыс құралдарын пайдаланыңыз.

Министрлік тұрғындарды төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге және құтқарушылардың нұсқаулықтарын қатаң сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы