Көкшетауда «Абылай ханның қара жолы» атты республикалық конференция өтті

22 Қараша 2020, 03:15
1947
Бөлісу:
Көкшетауда «Абылай ханның қара жолы» атты республикалық конференция өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетауда «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі және Мағжан Жұмбаев атындағы Ақмола облыстық әмбебеп ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен «Абылай ханның қара жолы» республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.

Онлайн конференцияға еліміздің танымал ғалымдары, тарихшылары, саясаттанушылары, зерттеушілері, зиялы қауым өкілдері, экспедиция қатысушылары және БАҚ өкілдері қатысты. Шараны Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев жүргізіп отырды. Қатысушыларға аймақ басшысы Ермек Маржықпаевтың ыстық сәлемін жеткізген облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Абылай ханның қара жолы» экспедициясының басты мақсаты, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында алға қойған міндеттерді жүзеге асыру, - деді Алтынай Әміренова. 

Қазақ халқының тарихында Абылай ханның алатын орны ерекше. Абылай хан қазақ мемлекеттілігін орнатып, тәуелсіздігін сақтау жолында өзінің дипломатиялық, саяси-қоғамдық қызметін жүргізді. 

Осы ретте, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филиология факультетінің доценті Серік Негимов, тарих ғылымдарының докторы Зарқын Тайшыбай, Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған, белгілі Абылайтанушы Ғиззат Табулдин сөз алып, өз ойларымен бөлісті. 2018 және 2020 жылдары екі рет ұйымдастырылған «Абылай ханның қара жолы» экспедициясы Көкшетаудан бастау алып, түркі халқының рухани ордасы Түркістан қаласында мәресіне жетті. Экспедиция барысында оның мүшелері жол бойындағы ауылдарға соғып, аңыз-әңгімелер жинап, сапар барысында кездескен тарихи орындарды белгілеп, қағазға түсірген. 

«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің мәліметінше, биылғы жылы аталмыш экспедицияның қорытындысы бойынша «Абылай ханның қара жолы» жинағы жарық көрді.

Өзгелердің жаңалығы