Көкшетауда 28 клиникалық бөлімшені біріктіретін жаңа аурухана бой көтеруде

11 Қыркүйек 2026, 13:12
АВТОР
 видеодан скриншот 11 Қыркүйек 2026, 13:12
11 Қыркүйек 2026, 13:12
154
Фото: видеодан скриншот

Көкшетау қаласында 630 орынға арналған жаңа көпсалалы аурухананың құрылысы жалғасуда.

Нысанның құрылысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда және Ақмола облысы мен бүкіл Солтүстік макроөңір үшін стратегиялық маңызы бар.

Жоба қабылдау-диагностикалық қызметтерді, шұғыл медициналық көмекті, хирургиялық және терапиялық бөлімшелерді, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерін, сондай-ақ қалпына келтіру емі және оңалту қызметтерін бір кеңістікте біріктіретін бірыңғай заманауи медициналық кешен ретінде іске асырылуда.

Аумағы 111 мың шаршы метрден асатын нысан Сарыарқа шағын ауданындағы 17 гектар жер телімінде салынып жатыр.

Бүгінгі таңда аурухананың дайындығы 74%-ды құрайды. Алаңда 2300-ден астам жұмысшы және 50-ден астам техника жұмыс істеуде.

Құрылысты 2027 жылдың екінші тоқсанында аяқтау жоспарланған.

Жаңа аурухана қолданыстағы облыстық аурухананың орнын басып, 28 клиникалық бөлімшені біріктіреді.

Жаңа аурухананы пайдалануға беру жергілікті жерде мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге, сондай-ақ пациенттердің басқа өңірлерге мәжбүрлі жолдамаларын қысқартуға мүмкіндік береді.

Құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қадаларды қағу жұмыстары аяқталды. Монолитті қаңқасы да дайын. Фасадтар мен терезелерді монтаждау жұмыстары жартылай орындалды (50%-дан астам).

Ыңғайлы логистика. Енді мұндағы реанимациялық бригадалар Көкшетаудың кез келген нүктесіне небәрі 15-20 минутта жете алады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ЖАҢАЛЫҚТАР/ОҚИҒАЛАР/БРИФИНГТЕР (@rsk_akmola)

Наверх