Көкшетау қаласында психотроптық затпен елорда тұрғыны ұсталды

12 Шілде 2023, 19:00
564
Бөлісу:
Көкшетау қаласында психотроптық затпен елорда тұрғыны ұсталды
PHOTO VIDEO
Фото: Polisia.kz

"Қарасора-2023" және "Допинг" операциясы шеңберінде облыс орталығының аумағында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарын тікелей байланыссыз тәсілмен тарату үшін Көкшетау қаласына арнайы келген 23 жастағы Астананың тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мефедрон психотроптық заты бар 17 түйіншек тәркіленді. Сонымен қатар ұсталған адам жедел қызметкерлерге есірткіні құпия орындарына жасырып үлгерген жерлерді көрсетті.

Көкшетау қаласында психотроптық затпен елорда тұрғыны ұсталды

Нәтижесінде, жігіттен салмағы 20 граммнан асатын 20 түйіншек және ұялы телефон тәркіленді, оның көмегімен есіркіні жасырын салу фото есептерін жасаған.

ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Күдікті Көкшетау қаласының УҰИ-ға қамалды.

Өзгелердің жаңалығы