Көкшетау қаласына жаңа әкім тағайындалды

3 Сәуір 2019, 11:25
2058
Бөлісу:
Көкшетау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Алматы, BAQ.KZ. Көкшетау қаласына жаңа әкім тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Енді Ақмола облысының орталығын Амангелді Смайылов басқарады. Бүгін өңір басшысы Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды. 

Амангелді Халауденұлы 1962 жылы туған. «Құрмет» орденінің иегері. Сібір автомобиль жолы институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1988 жылы Омбы облысының Станический кеңшарында құрылыс цехының шебері болып бастаған. 

1993-2011 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысты, «Реал НГП» ЖШС директоры, «СК Ауыл Газ» ЖШС директоры қызметтерін атқарды. 

2011-2014 жылдары Көкшетау қаласы «ENKI» ЖШС директоры болып істеді.

2014-2015 жылдары Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды. 

2015-2017 жылдары Ақмола облысы құрылыс басқармасының басшысы болып қызмет атқарды. 2018 жылдың қарашасынан бері - Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары. 

Айта кетейік, осыған дейін қала әкімі болған Ермек Маржықпаев жақында Ақмола облысының басшысы болып тағайындалған болатын.

Өзгелердің жаңалығы