Қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты Көкшетау-Астана тас жолы жабылды. Салдарынан ақтүтек боранда қалып кеткен 200-ден астам адам Ақкөл станциясының тас жолынан елордаға дейін ұлттық тасымалдаушының №6830 пойызымен эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, пойыз бригадасы жолаушыларға қажетті көмек көрсетті.
Жаңа жыл қарсаңында ауа райының қолайсыздығына қарамастан, теміржолдағы пойыз бригадасының барлық қызметкерлері жолаушылар пойыздарының қозғалысын қамтамасыз етіп, жолаушыларды тасымалдау кезінде барлық жайлылық жағдайларын жасайды, – делінген хабарламада.