Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Көкпардан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Жансая ҚАМБАР
20 Тамыз 2025, 16:55
731
Бөлісу:
 Көкпар федерациясы
Фото: Көкпар федерациясы

Алматы облысы, Талғар ауданында көкпардан ХІІІ Қазақстан чемпионаты 2008-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында өтіп жатыр. 8 млн теңге жүлде қорына 14 команда таласады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жарыс қорытындысы 23 тамызда белгілі болады.

Дүбірлі додаға Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Ұлытау, Жетісу облыстарынан 14 команда жиналды.

Көкпарға қатысу үшін темір білек қана емес, батыл жүрек те керек. Қазақтың әр баласы батыр. Көкпаршы шахматшы да, боксшы да, ғалым да бола алады. Қаншама чемпиондар осы көкпардан шыққан. Алдағы уақытта халық сүйіп тамашалайтын бұл ойынды клубтық бағытта дамыту жоспарымыз бар. Біз командалық көкпарды жоғарғы деңгейге шығарғымыз келеді. Бұл осы спорттың дамуына үлес қосып жүрген әр жасөспірім үшін де үлкен мүмкіндік болмақ, - деді Көкпар федерациясы президенті Айдарбек Қожаназаров.

Жүлде қоры 8 250 000 теңгені құрайды: Жеңімпаз командалардан бөлек "Үздік шабуылшы ат", "Үздік қорғаушы ат", "Үздік жекпе-жек ат", "Үздік ойыншы" номинацияларының жеңімпаздары қаржылай сыйлыққа ие болады.

Чемпионатты Алматы облысының әкімідігі қолдауымен ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен ҚР Көкпар федерациясы ұйымдастырды.

Жобаның мақсаты – жасөспірімдерді көкпарға баулу.

Өзгелердің жаңалығы