Көкбөріден Қазақстан құрамасы қырғыздардан ірі есеппен ұтылды

Бүгiн, 18:05
673
Бөлісу:
Көкбөріден Қазақстан құрамасы қырғыздардан ірі есеппен ұтылды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Бүгін 5-ші Көшпенділер ойындары аясында көкбөріден финалдық ойын өтті. Финалда Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары бақ сынасты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін финалда көкпардан жеңіліс тапқан қырғыздар үшін бұл жеңіс аса маңызды еді. Қырғыздар ойынның бірінші кезеңінен-ақ ойын тізгінін қолына алды. Бірінші таймда 5:1 есебі тіркелді. Ал, екінші тайм 8:3 есебімен аяқталды.

Көкбөріден Қазақстан құрамасы қырғыздардан ірі есеппен ұтылды

Қазақстан құрамасы соңғы таймға үміт артты, алайда қырғыз құрамасы есеп айырмасын 10:4-ке жеткізді. Қорытынды есеп - 10:4. 5-ші көшпенділер ойнында Қырғыз құрамасы көкбөріден жеңімпаз атанды.

Көкбөріден Қазақстан құрамасы қырғыздардан ірі есеппен ұтылды

Бауырлас ел тарапынан салым салғандар: Русланов Дастан, Нуржан Мелисбек уулу, Бексултан Абдыкалил уулу, Эржан Тургунбаев, Русланов Дастан ,Нурдин Болотбеков, Бексултан Абдыкалил уулу, Нурдин Болотбеков.

Еске сала кетейік, осыған дейін еліміз көкпаршылары жеңімпаз атанды. Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ақылбай Манкеев қазақ-қырғыз арасындағы финалдық ойынға қатысты пікір білдірді. Финалдағы кикілжіңге қатысты бас бапкер түсініктеме берді.

Өзгелердің жаңалығы