Қоқан-лоқы көрсеткен. Грузияда қазақстандық бойжеткеннің денесі табылды

6 Мамыр 2021, 18:09
3546
Бөлісу:
Қоқан-лоқы көрсеткен. Грузияда қазақстандық бойжеткеннің денесі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грузияда 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтбаева жұмбақ жағдайда қайтыс болды. 

Ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен Грузияның ІІМ өкілдері растады, - деп хабарлады Хабар 24 телеарнасы.
Әселдің әпкесінің сөзінше, ол қайтыс боларының алдында құрбысына аудиохабарлама жіберіп үлгерген көрінеді. 

Аудиода белгісіз ер адам оған қоқан-лоқы көрсетіп жатқаны естілген. 

Әпкесінің айтуынша, Әсел Айтбаеваны туысқандарының бірі сәуір айында Грузияда жұмыс істеуге шақырған екен.

Марқұм осыдан бірнеше күннен бері байланысқа шықпаған. Әселден соңғы хабарлама 5 мамырда кешке келген. 

Өзгелердің жаңалығы