Алматы, BAQ.KZ. Алматы Полиция департаменті «Көк-төбе» телемұнарасы маңынан аңшылық қару табылғанын мәлімдеді.
«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында «Көк-төбе» телемұнарасынан төменірек бұталардың арасынан арнайы үйретілген ит екі тегіс ұңғылы мылтықты тапты. Төңіректі кинолог- инспектор қызметтік-іздестіру итімен тексерді. Олар бұталардан екі мылтық тапты. Табылған затты тергеу-жедел тобы тәркілеп, қарудың шығу тегі мен иесін анықтау мақсатында сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланып, қылмыстық мақсатқа пайдаланылған болуы да мүмкін, – дейді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.
Сонымен қатар полицияда заңсыз қару сақтаған азаматтарға оларды өз еркімен тапсыруға мүмкіндік берілетінін еске салды.
Сондай-ақ, қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар, егер олардың қылмыс жасауға қатыстылығы анықталмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.