Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов ОКҚ-де өткен онлайн брифинг кезінде Қоғамдық кеңес мүшелері жаңа заңға сәйкес мемлекеттік сатып алу конкурсында комиссия құрамына қалай қатыса алатынын және шешім қабылдау барысында Қоғамдық кеңес мүшелерінің пікірі қалай ескерілетінін түсіндіріп берді.
Вице-министр Қоғамдық кеңес мүшелері конкурстық комиссиялардың жұмысына қалай қатыса алатынын айтып берді.
Олар конкурстық комиссияның мүшесі ретінде емес, байқаушы ретінде қатыса алады. Талқылау кезінде ұсыныстар қоғамдық кеңес мүшеліре тарапынан және басқа да мамандардың тарапынан түскен болатын. Өйткені комиссияның мүшелігінде болу белгілі бір заңмен реттелген жауапкершілікті қажет етеді. Ал Қоғамдық кеңес мүшелеріне мұндай жауапкершілікті жүктей алмаймыз. Сондықтан байқаушы ретінде конкурстық комиссиялардың жұмысына қатыса алады. Олардың пікірлері міндетті түрде комиссияның шешіміне байланысты ескерілетін болады. Олардың пікірлері Қоғамдық кеңесте қаралып, қажет болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасын не мүшелерін шақырып, тиісті талқылаудан өтетін болады, - деді ол брифингте.
Сонымен қатар, Қоғамдық кеңестер байқаушы қалай жүзеге асырылатынын, оның қандай құқықтық салдары болатындығын жеткізді.
Қазіргі таңда қоғамдық бақылаудың қолданыстағы заңнама бойынша бір ғана түрі регламенттелген. Ол - қоғамдық тыңдаулар өткізу бойынша бақылау түрі. Сондай-ақ, бұл бақылау түріне 3 форма қосылып отыр – қоғамдық мониторинг, қоғамдық сараптама және мемлекеттік органның, квази мемлекеттік сектор субъектісі жетекшісінің есебін тыңдау. Осы 3 форма бойынша регламент жасалып, енгізіледі. Қоғамдық кеңес белгілі бір мәселені қарастырған кезде тиісті мәселені жетік білетін мамандарды эксперт ретінде ақылы түрде шақыра алады. Сондықтан қоғамдық бақылаулардың өту тәртібі, оның ережесі міндетті түрде қажет, - деп түсіндірді вице-министр.
Оның айтуынша, бақылаулардың нәтижесі бойынша қоғамдық кеңестер тиісті ұсыныстар береді.