Кофехана қызметкері ақша толған сөмкені иесіне қайтарып берді

10 Қыркүйек 2019, 14:47
2664
Бөлісу:
Кофехана қызметкері ақша толған сөмкені иесіне қайтарып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дубайда кофеханалардың бірінде жұмыс істейтін Филиппин азаматы сатып алушы тастап кеткен ақша толған сөмкені иесіне қайтарып берген.

"Сөмкенің ішінде 195 мың дирхам (53 мың доллар, бұл шамамен 20 млн теңге) және де басқа бағалы заттар бар екен. Сонымен қатар, қолма-қол ақшадан басқа чек кітапшасы болған. Екі чектің біріншісі - 136 мың доллар болса, екіншісі - 1,7 мың долларлық және де сөмке иесінің жеке құжаттары да бар",- делінген хабарламада.

сумка с деньгами.jpg

Фото: amp.arabianbusiness.com

Оқиға Дубайдағы ірі сауда орталығы Dubai Mall-да болған. Сатып алушы сөмкесін іздеп келмеген соң, кофехана қызметкері полицияға хабарласқан. Оның айтуынша, полиция уческесінде оған сөмке «ресейлік брокерге» тиесілі екенін айтқан.

Ал сөмкесін жоғалтан адам, оған полиция хабарласпағанынша оның жоғалғанын аңғармаған.

Оқиға биыл сәуір айында болғанымен жай-жапсары қазір ғана белгілі болып отыр. Себебі Дубай полицейлері кофехана қызметкеріне ресми түрде алғыс білдіріп, көпшілікке бұл оқиғаны аян еткен.





Өзгелердің жаңалығы