Кофе ағзадағы кальцийді шайып жібере ме?

18 Ақпан 2025, 20:30
601
Бөлісу:
Кофе ағзадағы кальцийді шайып жібере ме?

Кофенің кейбір пайдалы қасиеттеріне қарамастан, ол ағзаның қышқылды балансын өзгертіп, маңызды микроэлемент – кальцийді шайып жіберуге ықпал етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бір кесе кофе шамамен 6 мг кальцийді шайып жібере алады, бірақ егер күніне шағын 1-2 кесе ғана ішсеңіз, бұл айтарлықтай зиян келтірмейді.

Ағзадағы кальций мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда, ол алдымен сүйектерден бөлініп шығады. Себебі, ағза үшін ең маңыздысы – алдымен жүректі қажетті заттармен қамтамасыз ету, содан кейін ғана басқасына жеткізіледі.

Сонымен қатар, кофенің ағзаға әсерін күшейтетін тағы бір гормон – гистамин. Ол кальцийдің сіңуіне ықпал ететін магнийдің несеп арқылы шығарылуын арттырады. Осылайша, кофе кальцийдің ағзаға дұрыс сіңуіне кедергі келтіреді.

Кальций қорын толтыру үшін сүт өнімдерін (сүт, ірімшік), сондай-ақ бадам, жұмыртқа, балық, жасыл көкөністер мен жаңғақтарды тұтыну ұсынылады. Кальцийдің тағы бір көзі – ауызсу, оның әр литрінде 350-500 мг кальций болуы мүмкін.

Ағзада кальцийдің жетіспеушілігі әртүрлі белгілер арқылы білінеді және көбінесе біртіндеп байқалады. Дегенмен, ең жиі кездесетін белгілер мыналар:

• сүйек аурулары және жиі сүйектің сыныуы;
• бұлшықет құрысуы мен тырысу;
• тіс проблемалары;
• жүрек ырғағының бұзылуы.

Өзгелердің жаңалығы