Көбі көрші елдерге кетті. Тоғжанов солтүстіктегі Аризона университеті туралы айтты

25 Тамыз 2022, 14:57
1405
Бөлісу:
Көбі көрші елдерге кетті. Тоғжанов солтүстіктегі Аризона университеті туралы айтты
Фото: inform.kz

Елордада «Адами капитал - жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» ғылым және жоғары білім форумының пленарлық отырысы өтІп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында Аризона университетімен бірлесіп филиал аштық. Ол бойынша нақты шешімдер қабылданды. Мен кеше ғана Солтүстік өңірге арнайы барып келдім. Біздің маңызды облыс қой. Соңғы кезде ол жақтан көп адам кетіп қалды. Соңғы 10 жылда 50 мыңға жуық халық кетті. Әсіресе, оқу бітірген студент қалмады. Мектеп бітірген балалардың көбі елден кетті. Көбі көрші елдерге кетті. Басқа жаққа кетті,- деді ол.

Тоғжановтың айтуынша, осы бір шешімнің нәтижесінде бір жылда студенттердің шетелге кетуі 2 есеге азайған.

Кеше ректормен ақылдастық. Сол жерге тағайындалған азаматты таңдағанда қателеспеппіз. Университет 5 қыркүйекте жұмысын бастайды. Жаңа университет әкімдіктің көмегімен салынды. Мектеп бітірушілердің 64 пайызы отандық жоғары оқу орындарын таңдап отыр. Бұл соңғы жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Осы бағытта жұмысты жалғастырамыз,- деді ол.

Тоғжанов Аризона университетіне 6 облыстың студенттері оқуға түсіп жатқанын айтты.

Солтүстікке сонша өңірден келіп адам оқуға түспеген еді, - деді Ералы Тоғжанов.

Өзгелердің жаңалығы