Қиясов: Қазақстан мен Канада денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығының әлеуеті зор

20 Қараша 2020, 22:02
1730
Бөлісу:
Қиясов: Қазақстан мен Канада денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығының әлеуеті зор

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау вице-министрі - ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері «Қазақстан-Канада» іскерлік кеңесінің жұмысы аясында денсаулық сақтау және білім беру саласындағы жұмыс тобының бірінші отырысына қатысты.

Онлайн-кездесу барысында тараптар COVID-19 қарсы  күрес бойынша тәжірибе алмасып, Қазақстандағы МЖӘ жобаларына канадалық бизнесті тарту мүмкіндіктерін және денсаулық сақтау саласындағы білім мен ғылымға байланысты мәселелерді талқылады.

Біздің ойымызша, Қазақстан мен Канада арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық зор әлеуетке ие. Канаданың денсаулық сақтау жүйесі әлемдегі ең тиімді жүйенің бірі. Өмір сүру ұзақтығы дамыған елдер арасында ең жоғары көрсеткішке ие. Сонымен қатар, канадалық денсаулық сақтау саласы, көп жағдайда мемлекет тарапынан қаржыландырылады және елдегі халықтың тұратын жеріне қарамастан, мемлекеттік медициналық қызметтерге жалпыға бірдей қол жетімдімді, - деді Е.Қиясов.

Сондай-ақ, ол 2020 жылғы оқиғалар бүкіл әлемде жаһандық пандемияның сын-қатерлерін ешкім 100% еңсеруге дайын емес екенін көрсетті. Коронавирус инфекциясына қарсы  күресте халықаралық ынтымақтастық, өзара байланыс пен қолдаудың маңызды екеніне көз жеткіздік.  Денсаулық сақтау вице-министрінің айтуынша, бұл кездесу тәжірибе алмасуға айтарлықтай үлес қосады және Қазақстан мен Канада арасындағы ынтымақтастықты жандандырады.

Қазақстан тарапынан отырысқа ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Гүлназ Таңатарова, ҚР ДСМ Инвестициялық саясат департаментінің директоры Данай Смағұлов, ҚР ДСМ Дәрілік саясат департаментінің директоры Александр Костюк және басқалар қатысты.

Канада тарапынан - ҚР-дағы Канаданың бұрынғы елшісі, Норман Патерсон Карлтон университетінің Халықаралық қатынастар мектебінің аға ғылыми қызметкері Маргарет Скок, ұлттық микробиология зертханасының клиенттерді ғылыми қолдау және қызмет көрсету бөлімінің директоры Келли Кит, Канада Білім Министрлігінің Халықаралық білім департаментінің атқарушы директоры Дженифер Добни, сондай-ақ медициналық компаниялардың өкілдері қатысты.

Өзгелердің жаңалығы