Кит адамдар отырған қайықты қағып кетті

26 Шілде 2022, 20:43
1681
Бөлісу:
Кит адамдар отырған қайықты қағып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Массачусетс штатындағы жағалаулардың бірінде кит балықшылардың қайығына соғылып қалды. Бұл туралы ABC News хабарлады. 

Деректерге сүйенсек, Плимут қаласындағы жағалауда алып кит 19 футтық қайықтың дәл қасына келген. Бақытқа орай, қайық аздап қана бүлініп, жолаушылар жағаға аман-есен жеткен. Ресми дереккөздер борттағы адамдар зардап шекпеді деп отыр. 

Сарапшылар бұл шабуыл емес, адамдардың өздері киттерге тамақ беруге тырысуы мүмкін дейді. Сондай-ақ мамандар олармен арақашықтықты сақтап, жақындамауға кеңес берді. Өйткені ірі сүтқоректі адамдар өздері ертіп келмесе, судың бетінде не болып жатқанын білмейді. 

 Киттер адамға өз бетінше агрессия танытпайды, алайда олардың 55 футқа тең келетін ұзындығы мен 40 тонна тартатын салмағы ауыр жарақатқа алып келуі мүмкін.  

Массачусетстің экологиялық полициясы болған оқиғаны тексеріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы