Шымкентте кішкентай қызды өлтірді деген күдікпен көршісі ұсталды

24 Шілде 2019, 16:53
3384
Бөлісу:
Шымкентте кішкентай қызды өлтірді деген күдікпен көршісі ұсталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қаза болған қыздың үйіне барып, қайғы жұтқан отбасыға көңіл айтты. Сонымен қатар, кішкентай Кәусардың өлімі туралы мән-жайды баяндады.

Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын Шымкент қаласында қараусыз көлік тұрағынан кішкентай қыздың денесі табылды. Туыстарының айтуынша, кішкентай бүлдіршін есік алдында ойнап жүрген. Оның жоғалып кеткен аңғарған туыстары оны бірнеше сағат бойы іздестірген. 

Марқұмның туыстарының сөзінше, көлік тұрағынан табылған кішкентай қыздың бет-аузы көгеріп кеткен. Қыздың әкесі баласының денесін үйіне алып кеткен. Бүлдіршіннің отбасы оқиға болған жерден 500 метр қашықтықтағы жатақханада тұрған. Қайғылы оқиға кезінде қыздың анасы жұмыста болған көрінеді.

Шымкент қаласының әкімі іссапардан келе салысымен кішкентай қыздың үйіне барып, ата-анасына көңіл айтты.

1563954755_news_b.jpeg

"Осыдан 3 күн бұрын қаламызда қайғылы оқиға орын алды. Аулада ойнап жүріп, 3 жасар Кәусар әкесінің артынан барамын деп өздерінің көршісімен бірге әкесі отырған жаққа жүреді. Қоршауды секіріп өтпекші болып, кішкентай Кәусарды жетектеген көршісі оны қолынан түсіріп алды. Талып қалған сәбиді көріп, көршісі қорқып, кішкентай сәбиді сол жерде қалдырып кеткен. Қылмыс жасаған азаматқа қатысты іс қозғалып, қамауға алынған. Ол сөзсіз жауапқа тартылады", - деп жазды Ғабидолла Әбдірахымов instagram-дағы парақшасында.

Шымкент қаласы әкімінің сөзінше, балаға қатысты ешқандай зорлық-зомбылық жасалмаған.

"Іссапардан келісімен оқиға орнына барып, мән-жайдың барлығын анықтадым. Кәусарға қатысты ешқандай зорлық жасалмаған. Кәусардың ата-анасына көңіл айттым, сындарлы сағатта бекем болуға шақырдым. Кәусардың жатқан жері жарық болып, Алла алдынан жарылқасын!", - деп жазды ол.

Ғабидолла Әбдірахымов қала тұрғындарын балаларына бас-көз болып, қадағалап отыруға шақырды.

"Әр бала біз үшін қымбат. Сәбилеріміздің қауіпсіздігіне бәріміз жауаптымыз. Құрметті қала тұрғындары, балаларымызды сағат сайын бақылап қадағалап жүрейік! Әкімшілік және қала полициясы тиісті жұмыстарды күшейтеді. Бүгін осы мәселе бойынша арнайы жиналыс өткізіп, тапсырма беремін", - деп атап өтті Шымкент қаласының әкімі. 

Өзгелердің жаңалығы