Сенат депутаты Марат Қожаев 21 наурызда Алматыда 3 адамның өмірін жалмаған жантүршігерлік жол апаты туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Полиция жұмыс істемейді деп айтуға болмайды. Статистикаға сүйенсек, талай заң бұзушылықтар анықталып жатыр. Осындай жүйелі жол ережесін бұзатындарды қатаң жазаға тарту туралы ұсыныстар жасалды. Мұны келесі заң тыңдалымдарына енгіземіз деген ойдамыз. Алматыдағы оқиға бойынша желіде жүрген ақпаратқа сене беруге болмайды. Тексеру амалдары жүріп жатыр деп ойлаймын. ІІМ барлығын тексеріп, заңды шаралар қабылдайды. Статистикаға сүйенсек, 94%-дан артық жүргізуші жолда жүру ережесін сақтайды. 6%-ы ғана жүйелі түрде ережені бұзады: қатты айдайды, жарысады. Мен өзімнің ұстанымым бар: осындай жүргізушілерге қатысты жауапкершілікті қатаңдату керек, - деп жауап берді Марат Қожаев Сенаттың кулуарында берген сұхбатында.
Сондай-ақ депутат қоғамды дүр сілкіндірген жол оқиғасына қатысты тексеріс жүріп жатқанын алға тартты.
Әр адамның өз пікірі бар. Бірдеңе болып қалғанда ғана осылай шулаймыз. Оның алдында да айтып жатырмыз. Құқық бұзушылық көп. Өзімізге де қарайық. Президент бұл қағиданы: «Заң мен тәртіп» деп жатыр. Заңға бағынайық. Полиция еш нәрсеге көзін жұмып қарамайды. Полицияның күші мен қаржысы бәріне бірдей жете бермеуі мүмкін. Барлық жерге бірдей полицияны апарып бақылатып қоя алмаймыз ғой. Ондай құқық бұзушылар үшін ережені қатаңдату керек. Осы туралы айта бастасақ, қоғам депутаттарға бәрін қатаңдатса болды деп шығады. Бірнеше мәрте бұл туралы айтып келемін, - деді сенатор.
Еске салайық, Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адам тапқан болатын. Сондай-ақ күдіктіге қатысты тың дерек жарияланды.