Бокстан Қазақстан құрамасы Болгария астанасы Софияда өтетін жыл сайынғы «Странджа кубогі» атты халықаралық турнирге баратын құрамын жариялады,деп хабарлайды BAQ.KZ ҚБФ сілтеме жасап.
Кіші әлем чемпионаты аталып кеткен жарыс 2 және 12 ақпан аралығы өтеді. Қазақстан бұл жарысқа 10 салмақта боксшы апарады.
Қазақстан құрамасы:
51 кг. Санжар Тәшкенбай;
54 кг. Дәулет Молдашев;
57 кг. Оразбек Асылқұлов;
60 кг. Руслан Күзеубаев;
63,5 кг. Ерасыл Танқай;
67 кг. Дулат Бекбауов;
71 кг. Талғат Шәйкен;
75 кг. Нұрқанат Райыс;
80 кг. Тұрсынбай Кұлахмет;
86 кг. Абзал Құттыбеков.
Былтыр елімізден 57 келідегі Оразбек Асылқұлов — күміс, 75 келідегі Нұрқанат Райыс — қола жүлде алған еді.
Биыл неше қандай жетістіктерге қол жеткізеді екенбіз?!