Кірістер комитеті жемқорлықтың алдын алу үшін қандай шаралар атқаруда?

3 Ақпан 2021, 13:36
1502
Бөлісу:
Кірістер комитеті жемқорлықтың алдын алу үшін қандай шаралар атқаруда?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына тоқталды.

Оның айтуынша, комитет жемқорлықтың алдын алу мен жаңа инновациялық шаралар мен әдістерді қолдануға, оған себеп болатын тәуекелдерге ішкі талдау жүргізуге мән беріп отыр. 

Сонымен қатар негізгі күш әкімшілендіруді цифрландыруға бағытталған. Ол шешім қабылдау процесінен адами факторды алып тастау арқылы сыбайлас жемқорлықты барынша азайтады.

Қазіргі уақытта салық есептілігінің 98,9%-ы электрондық түрде ұсынылады, яғни лауазымды тұлғалармен байланыс болмайды. Бүгінгі таңда 44 қызметтің 37-сі электрондық форматқа көшірілді, тиісінше салық төлеушілер оларды лауазымды тұлғалармен байланыспай-ақ алу мүмкіндігіне ие. Қабылданған шаралар сыбайлас жемқорлық деңгейіне айтарлықтай әсер етті және өткен жылдардың сәйкес кезеңдерімен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық фактілерінің төмендегені байқалады, - деді ол.

Сонымен қатар лауазымды тұлғаларды құрықтаудың әрбір фактісі жіті тексеріліп, оған ықпал етуші жағдайлардың талқыланатынын атап өтті. Одан өзге жемқорлықпен ұсталған қызметкердің басшысы және өңірлік департамент басшылығының тәртіптік жауапкершілігін тексеру сот процесі басталмай тұрып шұғыл жүргізіледі. 

Сондай-ақ комитет төрағасы соңғы екі жылдағы ұсталған қызметкерлердің басым бөлігі кеден бекеттері мен бақылау-өткізу бекеттерінде қызмет еткендерін атап өтті. 

Декларантпен тексеруші уәкілетті лауазымды тұлғаның арасындағы байланысты болдырмау мақсатында өткен жылдың қыркүйегінен бастап «Электрондық декларация орталығы» пилоттық жобасы іске қосылды.

Өзгелердің жаңалығы