Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Кирилл Герасименко Эр-Риядтағы Ислам ойындарының финалына өтті

13 Қараша 2025, 18:42
454
Бөлісу:
 Тұрар Қазанғапов
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстан құрамасының үстел теннисі бойынша жетекшісі Кирилл Герасименко Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жартылай финалда ол Алжир өкілі Булусса Мехдиді жеңді. Герасименко финалға шығу үшін болған матчта 4:0 есебімен жеңіске жетті (11:7, 11:6, 13:11, 11:3).

Финалда ол Египеттен келген Омар Ассармен кездеседі. Матч бүгін, 13 қараша күні өтеді. Астана уақытымен басталуы – 22:15.

Өзгелердің жаңалығы