Кинотеатрлар жабылатын болса 5 млрд теңге шығын келеді-кәсіпкер

13 Наурыз 2020, 16:59
1640
Бөлісу:
Кинотеатрлар жабылатын болса 5 млрд теңге шығын келеді-кәсіпкер
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Егер кинотеатрлар жабылатын болса 5 млрд теңгеге дейін шығын келеді. Бұл туралы еліміздегі ірі кинотеатр желілері атынан сөйлеген кәсіпкер Константин Горожанкин БАҚ өкілдерімен кездесу кешінде айтты. 

Кеше еліміз бойынша кинотеатрлар жабылады деген соң Алматыдағы кинотеатр желілерінің қожайындары жиналып, бұл мәселе бойынша пікірімізді білдірдік.  Коронавирус тараған елдер бұл жағдайда қалай жұмыс істеді және қандай шаралар қолданғанын зерттедік. Біз анықтағандай Қытай, Оңтүстік  Корея, Италия және Ираннан өзге вирус тараған елдердің ешқайсында кинотеатрлар жабылмаған. Тек киноға келушілердің санына ғана шектеулер қойған, - дейді ол. 

Оның айтуынша, билет сатқанда қатарынан емес, орын аралатып сату керек. Сонымен қатар, тазалық нормаларын сақтап, бөлмені желдетіп, жуып отыру керек. 
Бізде үкімет тарапынан нақтылық жоқ, кинотеатр жабылғанымен ойын-сауық орталықтары жұмыс істеп тұр. Кинотеатрлар осы сауда орындарынан орынды жалға алып отырған кәсіпкерлер. Президенттің өзі бұл жағдайда кәсіпкерлікке зиян келмеу керектігін айтқан еді. Елімізде 90-ға жуық кинотеатры бар. Бір айда 5 млрд теңгеге жуық шығын келейін деп тұр. Онда бес мыңдай адам жұмыс істейдің, көбінің төлейтін несиесі, пәтерақысы бар. Егер кинотеатрда айналым болмаса олар жұмысшыларына жалақы төлей алмайды. Сондықтан біз өзге елдердегідей жұмыс істеуге дайынбыз, тіптен келушілердің санын 50 пайызға дейін шекей аламыз, - дейді кәсіпкер. 

Сондай-ақ ол Үкіметтегілер коронавирусқа қатысты нақты ақпарат бермей отырғанын және бұл бағытта қандай шаралар қолдану қажеттігін нақтылай алмай отырғанын жеткізді.
Коронавирус тарайды деп кинотеатрды жауып, өзге мекемелерді жұмыс істетіп қою қисынсыз. Оданда оның алдын алу шараларын нақтылап, соны сақтай отырып жұмыс істеуге мұрша беру керек. Бүгін кинотеар желілерінің басшылары баспасөз мәжілісін өткізгіміз келген, алайда белгісіз себептермен оны өткізуге рұқсат бермеді,  - дейді К. Горожанкин. 
Өзгелердің жаңалығы