Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Кинотеатрда көрсетілетін фильмдер енді сараптамадан өтеді

Бүгiн, 11:10
160
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Сенаторлар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңын мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай, заң креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелерін негізге алады.

Заң Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген.

Тұтастай алғанда, Заң бірыңғай саясат шеңберінде креативті индустрияларды дамытуға, шығармашылық әлеуетті экономиканың бір бөлігіне айналдыруға, мәдени және креативті өнімдердің сапасы мен мағыналық толықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Заңның қабылдануы мәдениет саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ ұлттық мәдени құндылықтарды сақтауға және ілгерілетуге ықпал ететін болады, - деді сенатор Нұртөре Жүсіп.

Айта кетерлігі, заңда ұғымдар жүйесі нақтыланып, креативті индустрия қызметкерлерінің құқықтары бекітіледі, сондай-ақ онлайн есепке алуды көздейтін субъектілердің бірыңғай тізілімі енгізіледі.

Уәкілетті органға тізілімді жүргізу, республикалық мәдениет ұйымдары мүлкін жалға беру қағидаларын бекіту және жастарды креативті индустрияларға тарту шараларын іске асыру бойынша өкілеттіктер беріледі.

Сонымен қатар шетелдік ұжымдардың қатысуымен өтетін мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге кемінде 30 жұмыс күні бұрын міндетті түрде алдын ала келісу талабы енгізіледі.

Кинематография саласында прокат куәлігін беру жөніндегі өтініштерді қарау мерзімі 7 жұмыс күнінен 30 жұмыс күніне дейін ұзартылады және фильмдерді прокатқа дейін сараптамадан өткізу енгізіледі.

Жалпы алғанда, бұл заң креативті экономиканы дамытуға және азаматтардың шығармашылық әлеуетін монетизациялауға арналған орнықты құқықтық негіз қалыптастырады.

Бұған дейін депутат қазақтың руын кемсітетін фильмдер жайлы айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы