Үкіметте президент Жолдауының басты бағыттары қаралды

2 Қыркүйек 2019, 16:22
2192
Бөлісу:
Үкіметте президент Жолдауының басты бағыттары қаралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет мүшелерімен және өңір әкімдерімен кеңес өткізді. Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды. 

Оның барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауының басты бағыттары қаралды.

Мемлекет басшысының Үкіметтің алдына нақты міндеттер қойғаны айтылды, олардың шешілуі экономиканың одан әрі өсуіне, Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың стратегиялық бағыттарының негізінде біздің еліміздің азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартуға ықпалын тигізетін болады. 

"Мемлекет басшысының тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, өңірлерді дамыту және атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша қойған міндеттерін шешудің маңыздылығына ерекше көңіл бөлінді", - делінген хабарламада.  

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру бойынша нақты шараларға ертеңгі Үкімет отырысы арналатын болады. 

Өзгелердің жаңалығы